«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 50 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 50 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесінде (бұдан әрі - Нормативтер):

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін есептеуді микроқаржы ұйымы мынадай түрде жүзеге асырады:

мұнда:

КБК - қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті;

ӨҚБС - қарыз алушының барлық өтелмеген банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешек сомасы;

ӨҚБС қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешектің жиынтық сомасы барлық өтелмеген қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомаларын, шарттарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік карточка бойынша кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі бойынша сомаларды, сондай-ақ шарттарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік лимиттің, кредиттік карточканың пайдаланылмаған бөлігінің 10 (он) пайызын қоса алғанда есептеледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.